қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
30.04.2020

«Біз біргеміз» акциясы аясында игі істер жалғасуда

 


 

Коронавирустың таралуымен байланысты карантин жағдайында еліміздің балалар үйлерінің көптеген түлектері жұмыссыз қалды. Мұндай балалардың көпшілігінде баратын жерлері де жоқ. Алайда олар көмексіз қалмады.

 

Кәсіпкер, Балалар үйі түлектері қауымдастығының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан күрділерінің «Барбанг» Қауымдастығының вице-президенті, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының «6D050200-Саясаттану» мамандығының PhD докторанты Вакиль Набиев балалар үйінің бұрынғы 20 түлегіне азық-түлік себеті үлестірілді. Қауымдастық 100-ден астам адамды қамтып отыр, балалар үйінің барлық мұқтаж түлектеріне белсенді көмек көрсету жалғасуда.

 

«Бұл қиын-қыстау кезеңде ел үшін жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық маңызды», - деді Вакиль Набиев.

 

Төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Алматы облысы мен Алматыда көмек ретінде 500-ден астам азық-түлік жиынтығы жасақталып, әлеуметтік жағынан осал санаттағы мұқтаж адамдарға таратылды. Бұл-жалғыз басты қарт адамдар, аз қамтылған көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар. Еріктілердің құрылған мобильді топтары қайырымдылық көмектің таратылуын қамтамасыз етті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Барбанг» күрдтер қауымдастығының қолдауымен өтіп жатыр. Бұл науқан төтенше жағдай кезінде де жалғасады.

 

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

30.04.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz