Main
News
29.04.2020 Қашықтан оқыту жағдайында білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тестілеу орталығы 2020 жылдың 1-27 сәуірі аралығында қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәжірибесін енгізді. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді: 1. Аралық және қорытынды аттестаттау рәсімін тиісті бағдарламалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік ресурстармен қамтамасыз ету; 2. Қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың білімін сынамалы тестілеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру; 3. Видеоконференциялық байланыс бойынша дипломдар мен диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру барысында академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін бұлттық сервис Hangouts Meet және OES OES проекторингтік жүйесі таңдалды. OES OES проекторингтік жүйесі «Univer» ақпараттық жүйесімен интеграцияланды.
Аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, сондай-ақ дипломдық және магистрлік диссертацияларды қорғау үшін дайындық кезеңінде цифрлық құрылғылардың болуы және Интернетке қол жеткізу туралы мәліметтер алу үшін білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелерін есепке ала отырып, тестілеуді ұйымдастыру құрылымы, қашықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен прокторларға арналған нұсқаулықтар әзірленді.
Тестілеу орталығының директоры Д.Н. Исабаева Hangouts Meet сервисін және OES проекторингтік жүйесін пайдалану бойынша вебинарлар өткізді. Байқау тестілеу барысында университеттің ақпараттық жүйелерін стресс-тестілеу ұйымдастырылды. Осы іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдерінде мынадай нұсқаулықтарды әзірледі: - қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы тестілеуді ұйымдастыру және өткізу; - қашықтан оқыту технологияларды қолдану арқылы апелляция өткізу; - аралық бақылаулардың орташа бағасын қою; - G Suite Hangouts Meet бұлттық сервисін пайдалану; - қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды қорғауды жүргізу; - прокторингтік жүйелерді пайдалану.
Сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде онлайн-құжаттар: кесте, хаттама, келу парағы, сауалнама дайындалды. Барлық құжаттар университеттің сайтында және «Univer» жүйесінде, аралық және қорытынды аттестаттау рәсімдеріне қатысушылардың барлығына танысу және қолдану үшін орналастырылған.
Тестілеу орталығының мамандары тест тапсырмаларының базасын толтыру бойынша жұмыстарды жүргізуде, студенттерді тестілеу бойынша нұсқаулықтармен және апелляция процедурасымен таныстыруды ұйымдастыруда.
|