қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
01.05.2020

Абай атындағы университетте жастар саясатына басымдық берілген

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттік өзін-өзі басқару жүйесінде жастарға таңдау еркіндігін беру, ашық қоғам құру, өзін-өзі басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беріп келеді. Жастар ісі жөніндегі комитет, Студенттік ректорат, студенттік өзін-өзі басқару кеңесі және басқа да жастар ұйымдары осыған негіз бола алады.

 

Білім және ғылым министрлігінде өткен кеңесте Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев баяндама жасап, университеттегі тәрбие үрдісі ұлттық тәрбиеге негізделген оқу үдерісінің ажырамыс бөлігі болып табылатынын атап өтті. Еліміздің жетекші педагогикалық университетінің басшысы Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізілетін тәрбие жұмысының сегіз бағытына тоқталды: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы;. ұлттық тәрбие және Абай мұрасын насихаттау;. Жастардың шығармашылық әлеуеті;. еріктілер қозғалысы; студенттік өзін-өзі басқару жүйесі; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; студенттерді әлеуметтік қолдау; ашықтық саясаты, кері байланыс.

 

Ректор әрбір бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Ағымдағы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық және республикалық, қалалық және университеттік деңгейдегі 35 іс-шара өткізіліп, «Туған Жер», «Қазақстанның киелі желерінің географиясы»; «Қазақстанның қазіргі мәдениеті жаһанданған әлемде»; «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық», «Ұлы дала тұлғалары» жобалары жүзеге асырылды. «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша университеттің кітапхана қоры әлемдегі қазақ тіліне аударылған ең үздік 49 оқулықпен толықтырылып, олар оқу үрдісінде белсенді қолданылуда.

 

Жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, оның азаматтық және әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында «Ұлттық тәрбие» пәні енгізіліп (2011), элективті пән ретінде барлық мамандықтар бойынша 1 курс студенттеріне 2 кредит негізінде жүргізіліп келеді. Хәкім Абайдың тағылымдық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында барлық 1 курс студенттеріне 1 кредит негізінде «Абайтану» пәні оқытылуда. «Абайтану» пәні сабақ ретінде қазақ, орыс топтарында жүргізіледі.Биыл университетімізде «Абай жылы» болып жариялып, жастар тәрбиесі бағытында шараларға арқау болды. Абайдың Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында жастар арасында Хәкімнің әдеби мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, жоспарға 62 шара енгізілді. Университет жанында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы жастарға ұлтаралық тұтастық қағидаларын дәріптеу бағытында жұмыс жасап келеді.

 

Жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында Жастар жылы аясында «Smart Students» коворкинг орталығы, «Оразалы Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығы, «ЖасStar» музыкалық студиясы ашылды. Оқу жылына арналған жоспарға сәйкес 46 ірі және маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Қазіргі уақытта университет қабырғасында алты еріктілер қозғалысы және «Студенттік әлеуметтік кредит» жобасы жұмыс істейді. «Студенттік әлеуметтік кредит» жобасы (2019) жастардың азаматтық белсенділігін арттырады және бүгінгі күні клубқа тартылған еріктілердің саны 395 білім алушыны құрайды.

 

Еріктілер қозғалысының ішінде «Акселератор добра»/«Ізгілік елшісі» жобасы - бұл азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға және жастарды волонтерлікке тартуға көмектесетін Сорбонна - Қазақстан институты жанынан 2019 жылдың 7 қазанында іске қосылған ең іргелі жоба. Жобаның басты үйлестірушісі - институт директоры Айнур Сабитова. Қазіргі уақытта аталмыш жоба республикалық мәртебеге ие болып, елдің 17 облысында белсенді жұмыс істеуде. Жоба қатарындағы еріктілер заңнамалық көмекке мұқтаждарға кеңестер беріп, қайырымдылық шараларға белсене қатысуда.

 

Университеттегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес құрылып, үш комиссия жұмыс істейді. «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылды, «Парасат» жобалық орталығы ашылды, ISO 37001-2016 халықаралық стандартының Сапа менеджменті жүйесі, «Антиплагиат» жүйесі енгізілді. Қысқы сессия барысында «Сыбайлас жемқорлықсыз сессия» акциясы аясында сауалнама жүргізілді.

 

Қашықтан оқыту жүйесінде Академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін емтихандар келесі форматта өткізіледі: онлайн-тест «Univer» жүйесінде жүргізіледі және тест тапсыру кезінде академиялық адалдықты бақылау үшін прокторинг жүйесі пайдаланады; шығармашылық пәндер бойынша емтихандар бейнеконференция форматында өткізіледі және прокторинг қолданылады.

 

Ағымдағы оқу жылында 879 бірінші курс студенттеріне түрлі категориялар бойынша, ал 766 студент әлеуметтік жеңілдіктер алды. Биылғы оқу жылының оқу ақысын төлеу мерзімі мамыр айының соңына дейін ұзартылды және студенттер оқу ақысын төлемей емтиханды кедергісіз тапсырады.

 

Студенттермен кері байланыс «Open space» форматы, сондай-ақ, өткен жылдың маусым айынан Call-орталығы жұмыс істейді. Онда барлық сұрақтар бойынша сұрақтарға жауап алуға болады.

 

 

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

01.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz