қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.05.2020

 

 

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылар!

 

Сіздерді 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Жеңіс тойы баршамызға ортақ және қастерлі мереке. Өйткені, адамзат баласын фашизмнің қанды шеңгелінен босату және жаһанда баянды бебітшілік орнату жолында күресіп, жан қиған аға ұрпақ өкілдерінің ерлігі көптеген халықтардың тағдырын шешкен еді.

 

Осынау алапат соғыста қазақстандықтар зұлым жауға қарсы нағыз батырларша шайқасты. Генерал И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы және оның құрамындағы Бауыржан Момышұлы басқарған ерекше батальон Москваны жаудан қорғауда аңызға бергісіз ерліктің үлгісін көрсетті. Қоршауда қалған Нева жағалауындағы қаланың тұрғындарын жеңіске шақырған жүз жасаған Жамбылдың жалынды жырлары бүкіл Кеңес одағының жауынгерлеріне рух берді.

 

Екі дүркін Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов, Рейгстахқа ең алғаш ту тіккен қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев және жүздеген батырларымыз халқымыздың рухының биіктігін көрсетті. Абай атындағы ҚазПИ-дің оқытушылары мен студенттерінің сегізі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, көптегені орден, медальдармен марапатталды. Олардың есімдері университетіміздің тарихында алтын әріппен жазылған.

 

Ұлы Жеңіс мерекесі біздің болашағымыз бен бостандығымыз үшін өмірін қиған қазақстандықтардың ерлігін жадымызда одан әрі нығайта берсін. Батырларымыздың ерлік дәстүрлері бүгінгі ұрпақты отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеуге қызмет етіп келеді. Біз әрдайым аға ұрпақ өкілдері - ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, оларды ардақтауды адамгершілік парызымыз деп білеміз. Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен еңбек майданына қатысушыларға алғыс білдіреміз.

 

Сіздерге зор денсаулық пен өркендеу, жігер мен сенім, жастарға Отанға адал қызмет ету дәстүрін үйретудегі игі істеріңізге сәттілік тілеймін.

 

Мереке құтты болсын!

 

Құрметпен, ректор Такир Балықбаев