қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.05.2020

«Жалпы білім беру кеңістігіне ерекше білім қажеттілікттері бар балаларды енгізу шарттары» вебинары

 

2020 жылдың 6 мамырында Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының үшінші вебинары өтті. Вебинар тақырыбы: «Жалпы білім беру кеңістігіне ерекше білім қажеттілікттері бар балаларды енгізу шарттары». Вебинар модераторы - ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры З.А. Мовкебаева.

 

Вебинарды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ғылым департаментінің директоры С.Қ. Сахиев ашты. Ол вебинарға қатысушыларды университеттің арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы зерттеулер жүргізудегі қызметі туралы қысқаша таныстырды, алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерімен өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы айтып өтті, сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үрдісіне ерекше білім қажеттіліктері бар адамдарды кіріктіру идеяларын таратудағы жетекші рөлін атап өтті.

 

Вебинардың негізгі спикері «Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» директоры Ғалия Абаева болды, инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайына тоқталып, білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іс жүзіне асыру үшін білім беру ұстанымдарын ұсынды және үздік инклюзивті практиканың өлшемдері мен көрсеткіштерін егжей-тегжейлі айтып берді. Ғ.Ә. Абаеваның баяндамасы тыңдармандардың үлкен қызығушылығын тудырды, баяндама соңында қатысушылар сұрақтар қойып, ерекше білім қажеттіліктері бар балалары жалпы білім беру кеңістігіне қосқанда кездесетін мәселелер туралы қызу пікірталас тудырды.

 

Вебинарға Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА-ның, «Өрлеу» БАҰО АҚ, ЖШС «ӘБЕО» орталығының оқытушылары, Қазақстан Республикасының әр аймағындағы мектепке дейінгі және мектеп, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру әкімшіліктері мен мұғалімдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Вебинар 2020 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы КазҰПУ жанындағы ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығында Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының кеңес беру-әдістемелік қызметі аясында ұйымдастырылды.