Main /
Mass media about us
05.06.2020 Студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға байланысты күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да Филология және көптілді білім беру институты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ш.У. Сұлтанқұлованың ұйымдастыруымен «Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Студенттермен сұхбатқа кафедра оқытушыларымен бірге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ұлжалғас Жолдыбаева, университетіміздің Филология және көптілді білім беру институты директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов және «6М011900- Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Тәрбиелік іс-шара барысында студенттер тарих ғылымдарының кандидаты У.М. Джолдыбаеваның Қазақстанда саяси қуғын-сүргін 1928 жылдың ортасында Алаш зиялыларын тұтқындаудан басталғаны туралы берген тың мәліметтерімен таныса отырып, соңғы жылдарда жарық көрген Зұлмат фильмінен үзінділер көріп, өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара соңында У.М.Джолдыбаева студенттерге жаңа ұрпаққа тарихтың қайғылы беттері туралы естелікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Тәрбиелік іс-шара 104-топ студенті Әділ Жансаяның «Зұлмат» өлеңімен аяқталды.
05.06.2020 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz |