қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.03.2016


ЖЕҢІМПАЗДАР ФОРУМЫ

«Нұр Отанның» жеңісі-халықтың жеңісі

2016 жылдың 20 наурызы күні Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Еліміз бойынша 9840 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі жүргізілді.
Үстіміздегі жылдың 20 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және жергілікті Мәслихат депутаттарын сайлау - ел өміріндегі аса үлкен саяси науқаны болды. Бұл саяси додаға 6 саяси партия қатысып, соның үшеуі ғана топ жарды. Соның қорытындысы бойынша 82,15 % көрсеткішпен «Нұр Отан» партиясы жеңіске қол жеткізді.
ліміздің басты партиясының кезекті жеңісі қаламыздың орталығында орналасқан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұлықталды. Бұл жиынға саяси партиямыздың белді мүшелері мен үш мыңнан астам қала жастары қатысты.
«Алға, Қазақстан, Алға «Нұр Отан»! деген ұрандардың қошеметімен сахна тұғырына «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының сайлауалды штабының төрағасы Р. Алшанов бастаған Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауының жеңімпаздары шықты.
Олардың әрбірі өткен сайлаудың еліміз үшін маңызды меже екендігін алға тартып, бұл саяси науқанның болашақ жеңістердің бастауы екендігін атап кетті. Тәуелсіз мемлекетіміздің ширек ғасырлық мерейтойының дәл алдында жасалынған халықтық тартуға нұротандықтар өз тарапынан еселенген жігерлі еңбігімен жауап беретіндіктеріне сендірді.
Бұл Форумға университетіміздің 150-ге жуық студент-жастары қолдаушы ретінде, ал 40-тан астам студенті «Нұр Отан» партиясы атынан еріктілер ретінде қатысты. Салтанат пен қуаныш форумының соңы еліміздің ең танымал өнер жұлдыздарының концертімен жалғасты.


Тәрбие жұмысы, жастар саясаты
және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы