қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
25.06.2020

Карантин кезінде білім алушыларға арналған кеңестер

 


 

Егер студенттер ұтымды ойлана алмаса, эмоцияларын реттей алмаса, карантин кезіндегі оқшаулау кері әсер етуі мүмкін. Абай атындағы ҚазҰПУ психологтары жастарға қолдау көрсету мақсатында бірнеше кеңестер ұсынады.

 

Олардың әлеуметтенуі сыртқы ортадағы достары мен құрбыларымен бірге болғандықтан, оқшаулану ата-анамен бірге болуды агрессиямен қабылдайды. Шектеулерге қарсылық білдіріп конфлик туындайды. Бұл конфликт отбасылық деңгейде, қоғамдық талаптарды мойындамау және өз-өзіне көңілі толмаушылық, іштей мазасыздық көріністерінде байқалуы мүмкін. Невротикалық бұзылулары бар, паникалық үрейі қорқынышы бар адамдар жағдайдың нашарлауын сезінеді.

Карантин кезіндегі «Вирус қорқынышты ма, жоқ па? Не болып жатыр?» деген сияқты түсініксіз сұрақтар адамды стресстік жағдайға алып келеді. Оның үстіне БАҚ-ты таңертеңнен кешке дейін тыңдау да жағымсыз әсер туғызады. Бұл мәселелер адамдардың тұрақсыз психикасын одан әрі кеңейтіп, үрей туғызады.

 

Карантин - бұл өз өміріне жаңа және қызықты идея енгізуге болатын уақыт, оған күнделікті өмірде уақыт жетпеген. Ақырында, яғни өзін-өзі дамыту және шығармашылық үшін кеңістік. Бұл үшін көптеген тегін сайттар бар: тігуге және дайындауға үйрену, ағылшын тілін үйрену және гитараны меңгеру, өз мамандығы бойынша вебинарды тыңдау, вебинар өткізу. Сонымен қатар, карантин - кітап оқу және фильмдерді көру уақыты. Интернет желісі арқылы біз әлемнің ұлы мұражайларына барып, танымал әншілерді тыңдай аламыз, спектакльдер мен операларды көре аламыз.

 

Біз сіздерге карантин мен коронавирусқа қарама - қарсы көзқарастарды сүлгіден өткізіп, ресми ақпараттарды ғана қабылдауға шақырамыз. Үкіметтің ұсыныстары мен жарлықтарын өзін-өзі оқшаулау режимін, маскалық режимді және т.б. орындауда әлеуметтік жауапкершілік сезімі сіздің өз денсаулыңығыз бен жақындарыңызға деген қамқорлығыңыз екенін естен шығармағаныңыз абзал. Сонымен қатар психологиялық кеңестерге де назар аудара жүріңіз.

 

1.Үйде жаттығу жасау;

2.Жақсы кітаптар оқу;

3.Таза ауада серуендеу (дистанцияны сақтауды ескере отырып);

4.Болашақтағы мамандықты игерудегі жоспарларыңыз туралы smart мақсаттармен жұмыс жасау;

5.Физикалық белсенділік стрессті азайтады;

6.Вирусты жұқтырып аламын деген ойға блокировка жасап, оны позитивті оймен алмастыру;

7. Эмоцияларыңызды түсінуге тырысыңыз.

 

Мысалы, сізге ата-анаңыз бірнеше рет келіп онлайн режимде сабағыңызды қалай оқып жатқаныңыз жайлы сұрайды.Сіз қатты ашуланып, артық сөз айтып қоя жаздайсыз. Осы сезіміңізбен жүмыс жасау, эмоцияны басқара алуға көмектеседі.

 

Карантин жағдайындағы мазасыздық, депрессия, қорқыныш, үрей-бұл жағымсыз ситуацияға адамның қалыпты реакциясы. Өзіңіздің эмоцияларыңызды басқара алмайтын болсаңыз, тегін психологиялық көмек алу үшін Абай университетінің мамандарына хабарлассаңыз болады.

 

 

25.06.2020 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz