Main /
Mass media about us
29.06.2020 Мамандықты қалай таңдау керек?
Мамандық таңдау мәселесі - адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Ең алдымен мамандықтар туралы әр түрлі сайттағы ақпараттармен танысу керек.
Алматы, NEGE. Мамандық таңдау барысында жас түлек «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Кейбір ата-аналар балаларының мүмкіндіктерін ескермей, өздерінің қалауларын таңдауға мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мен жас кезімде дәрігер мамандығын жақсы көрдім. Бірақ жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын. Осындай жағдайлар туындап қалса, өз мүмкіндігіңізді және жүрек қалауын тыңдап көріңіз. Алдыңызға қойылған мақсаттардан шегінуге болмайды.
Оқу орнына түскеннен кейін ресми мамандық алу басталады. Неғұрлым сапалы білім алу үшін қандай да бір жоспар жасауға болады. Негізгі және қосымша мақсаттарға бөлу. Осы мақсаттарға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын айқындау. Мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерге қарсы күресу үшін өзінің ішкі күштерін шоғырландыру.
Сангвиниктер - сенімді қызметкерлер. Оларға бір сарынды және баяу жұмыс ұнайды. Шыдамдылық пен тапқырлыққа қабілеттілігін іске асыратын тірі және қозғалмалы жұмыс қажет. Холериктерге циклдік жұмыстар ұнайды. Мұндай жұмыстар оларға табыс әкеледі. Флегматик кез-келген әрекеттерді үнемі жылдам орындауды талап етпейтін оқу және өндірістік жұмысқа бейімді. Олар үшін ең бастысы жылдамдық емес,жұмыс сапасы тұрады.
Меланхолик сангвиникаға толық қарама-қарсы. Сонымен қатар, оның жұмыс өнімділігі көңіл-күйге толығымен байланысты. Сондай-ақ, таңдау кезінде қандай мамандар қандай да бір салада сұранысқа ие болатынын ескеруді ұмытпаңыз.
Егер сіз педагог мамандығын таңдаған болсаңыз, мұғалім мамандығы туралы ақпаратты еліміздің жетекші жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің сайтынан ала аласыз.
29.06.2020 ж. Ақпарат көзі: nege.kz |