Main
News
08.07.2020 Кафедра оқытушысы мемлекеттік марапатқа ие болды
2020 жылы 7 шілде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, постдокторант PhD доктор Дина Сабирова «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Марапат жас ғалымға Қазақстан халықтары арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін, сондай-ақ мәдениеттерді жақындастырғаны және өзара байытқаны үшін табыс етілді. Әріптесімізді құттықтаймыз және ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметте табыс тілейміз!
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы |