Main /
Mass media about us
21.07.2020 ҚазҰПУ: жазғы онлайн-мектебінің ерекшелігі неде?
Бұл мектептің негізгі мақсаты - мұғалімдердің онлайн режимінде тиімді оқыту үшін цифрлық ресурстарды қолдану білімдері мен дағдыларын дамыту.
Жазғы мектепте қашықтықтан оқыту режимінде білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ең қызықты цифрлық құралдар қарастырылады: «Discord педагогикалық өзара әрекеттесу құралы ретінде», «Білім беру нәтижелерінің рубрикаторлары», «Педагогикалық дизайн негіздері», «Цифрлық із».
Семинар спикерлері тиісті құралдарды (DownSab, Advego, Dandelion, Alot) қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибе мен ұсыныстармен бөліседі, оқу материалдарын жобалаудың онлайн-платформасын және білімін тексеру - Core.app, зертханалық жұмыстарға арналған ресурстармен және виртуалды зертханамен таныстырады.
Жазғы мектептің қатысушылары бірлесіп жұмыс істеу және miro.com, padlet.com, mentimeter, Zoom, Google Meet, OBS-Studio, edpazzle-да бейне-дәрістер, вебинарлар, бейне-конференцияларды қалай жасау керек, Univer және YouTube жүйесіне бейне-дәрістерді жүктеу, тестілер мен тапсырмаларды әзірлеу, ақпаратты бақылау және жинау құралдары (QuizLET, Quizizz, kahoot, socrative) бойынша нұсқаулықтар алады.
21.07.2020 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz |