қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
23.07.2020

Білім көкжиегін кеңейту мүмкіндігі талқыланды

 


 

Кеше, 22 шілде күні халықаралық кредиттік ұтқырлыққа (ICM) және бірлескен магистрлік бағдарламаларға (CMC) қатысу туралы онлайн-вебинар өтті. Вебинарды ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХҚБ-нің Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі, іс-шараның жүргізушісі және спикері - бөлім бастығы Баян Сапарғалиева, вебинардың екінші спикері - Халықаралық ғылыми және мәдени байланыстар бөлімінің жетекшісі Балжан Аманқұлова болды.

 

«Эразмус» бағдарламасының атауы Еуропаның көптеген жерлерінде өмір сүріп, жұмыс істеген догматизмнің танымал қарсыласы голландиялық философ Эразмум Роттердамның есімінен шыққан. Қайтыс болғаннан кейін ол бүкіл байлығын Базель университетіне қалдырды.

 

Эразмус+ ЕО елдерімен шектелмей, барлық саладағы, әсіресе жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындайды. Бағдарлама студенттермен, зерттеушілермен және оқытушылармен халықаралық алмасуды, сонымен қатар, университеттер арасындағы халықаралық идеялар мен тәжірибелер алмасуды қолдайды. 30 жыл бойы бұл бағдарлама жұмыс істеп келеді, ол Темпус Такис, ТЕМПУС және Эразмус+ университеттері мен студенттеріне үнемі мүмкіндіктерін жетілдіріп отырады.

 

Вебинардың спикерлері Эразмус+ бірлескен магистерлік дәрежелері және халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері мен критерийлері, сондай-ақ Erasmus+ халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Қатысушыларға магистрлік бағдарламаларға тіркелу және қатысу үшін ресми каналдар мен сілтемелер көрсетілді.

 

Вебинарға 40-қа жуық қызығушылық танытқан тыңдаушылар, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты, олардың ішінде: Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, И. Аманжолова атындаңы Тараз мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Silkway университеті, Орта Азия университеті, Азаматтық авиация академиясы және Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі.

 

Келесі вебинарлар туралы ақпаратты Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы хабарландырулардан табуға болады.

 

Байланыс үшін байланыстар: e-mail: bayan_sapargaliyeva@mail.ru, bonya_sh@mail.ru, amankulova.balzhan@gmail.com

 

 

23.07.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com