Main /
Mass media about us
27.07.2020 Ұстаздар ұстаханасы «Цифрлық мұғалім» жазғы онлайн-мектебін ұйымдастырды
Қашықтан оқытуға көшу және нәтижелі онлайн-оқытуды ұйымдастырудың цифрлық құралдарын игеру қажеттілігіне байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тестілеу орталығы «Цифрлық мұғалім-2020» жазғы онлайн-мектебін ұйымдастырды. Тестілеу орталығының бастығы Даража Исабаеваның жетекшілігімен «Білім берудің цифрлық трансформациясы» курсының үздік түлектері арасынан тәлімгерлер тобы құрылды.
Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушылары жазғы онлайн-мектепке белсенді қатысты. Курсқа қатысушылар цифрлық құралдармен (DownSub, Advego, Dandelion, Алот, CoreApp, Zoom, GoogleMeet, OBS-Studio, Edpazzle, QuizLET, Quizzz, Kahoot, Socrative) жұмыс істеу дағдыларын меңгерді. Түрлі платформаларда бейне-дәрістер жасауды, мультимедиа элементтерін пайдалана отырып, түрлі серверлерде сабақ өткізуді, цифрлық іздерді қадағалауды, виртуалды зертханаларда эксперименттер жүргізуді, тестілер жасауды және цифрлық платформалар мен рефлексия жүргізуді, цифрлық платформаларды қолдану, мәліметтерді талдау және рубрикаторларды қалыптастыру сияқты пайдалы заттарды үйренді.
Өткен аптада, 23 шілде күні жобалау жұмыстары қорғалды. Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы оқытушылары келесі топтарда жұмыс істеді: 7-топ «Студенттік цифрлық НИР-club», тәлімгер Ұлдахан Шыңғыс (Балғазина Бақытгүл, Шмакова Елена, Көшербаев Ринад); 8-топ «Педагогикалық хакатон», тәлімгер Киселева Елена (Бегалиева Сәуле, Нурахунова Гунчам, Ержанова Феруза); 11-топ «ЭЦП регламенті», тәлімгер Акаев Тимур (Мамытбекова Ляйля).
Іс-шара барысында ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директоры Хайрулла Жанбеков, Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байділдина барлық жобалардың жоғары деңгейі мен практикаға бағдарлануын атап өтті.
Курстардың тиімді ұйымдастырылуының, жоғары біліктіліктің, тәлімгерлердің мәдениеті мен қамқорлығының, қатысушылардың корпоративті рухының арқасында кафедра оқытушылары бағдарламаны сәтті игеріп, жаңа оқу жылында шетелдік студенттерді оқытуда цифрлық технологияларды қолдануға бағытталды.
27.07.2020 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com |