қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.09.2020

«Білім күні» онлайн іс-шарасы


2020 жылдың 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесіне арналған онлайн салтанатты шара өтті. Мерекелік шараны Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев ашып, университет табалдырығына алғашқы қадам жасаған студенттерді, профессор-оқытушылар құрамы мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

 

Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті, «Алтын белгі» иегері Жақсылықова Умида, Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті, «Алтын белгі» иегері Абдисалимова Әсел барша бірінші курс атынан құттықтауларын жеткізіп, Абай университетіне деген ыстық ықыластарын білдірді.

 

Шара барысында Такир Оспанұлы 1 курс студенттеріне «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» салтанатты түрде табыстап, алдағы оқуларына сәттілік тіледі.

 

Педагогика және психология институтының директоры, профессор Берікжан Әлмұхамбетов, Жаратылыстану және география институтының директоры, профессор Күләш Каймулдинова университетіміздің ұстаздар қауымы атынан сөз сөйлеп, жас білімгерлерді адал білім алып, білікті маман болып шығуларына шақырды.

 

   

 

   

 

   

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департаменті