қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
19.09.2020

Педагогтерді қолдау білім сапасына оң әсер етеді

 



Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың есеп беру кездесуі өтті.

 

Онлайн форматта өткен іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, Алматы қоғамының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми институттар мен оқу орындарының директорлары, «Nur Otan» партиясының мүшелері, БАҚ өкілдері, шетелдік елшіліктердің консулдық мекемелерінің қызметкерлері, ата-аналар, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

 

Такир Балықбаев өз баяндамасында 2019/2020 оқу жылының қорытындыларын айтты. Университеттің білім беру, ғылыми-инновациялық, қаржы-шаруашылық және әлеуметтік-тәрбиелік қызметі туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Әлемдік және ұлттық рейтингтердегі жетістіктерді атап өтіп, университет дамуының стратегиялық міндеттері мен бағыттарын айқындады.

 

Университет басшысы атап өткендей, ҚазҰПУ қызметі орта білім берудің жаңартылған мазмұны мен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптар жағдайында педагогтарды даярлауды жетілдіруге бағытталған. Педагогтардың жұмысын жандандыру және ынталандыру үшін жаңа оқу жылында жалақы 25% көтерілді. Бұл қолдау білім сапасына әсер етеді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайын әлемдік және республикалық рейтингтерде өз позициясын жақсартып келеді. QS World University Rankings әлемдік рейтингінде Абай атындағы ҚазҰПУ 601-650-ші орындарды иеленіп, әлемнің үздік 5 педагогикалық жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Елміздің ЖОО арасындағы рейтингте Абай университеті алтыншы орынға ие болды. QS World University Ranking, EECA - 105 орында (2019 - 103).

 

Webometrics әлемдік рейтингіне еліміздің 128 ЖОО кірді. Бұл рейтингте Abai University сайты 4995-ші орынды иеленді. 2020 жылғы қаңтардың (6022) көрсеткішімен салыстырғанда университет 1027 позицияға көтерілді. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2020 жылғы рейтингісінде Абай атындағы ҚазҰПУ елдің төрт үздік университетінің қатарына енді. Педагогикалық ЖОО арасында университет бірінші орынға ие болды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бағытындағы университеттердің қорытынды көрсеткіштері бойынша институционалдық рейтингінде (24345) ҚР жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынға ие болды.

 

Республиканың бас педагогикалық жоғары оқу орны талапкерлерді қабылдау бойынша оң динамиканы көрсетуде. 2019/2020 оқу жылында ҚазҰПУ-дың 1- курсына 5441 білім алушы қабылданды. Оның ішінде мемлекеттік грант бойынша - 2 990 адам.

 

Еңбек нарығындағы түлектерге деген сұраныс және жұмыс берушілердің жас мамандарды кәсіби даярлау сапасына қанағаттануы да жоғары деңгейде. ҚазҰПУ түлектерінің жұмыс берушілері - Алматы, Нұр-сұлтан қалаларының және Алматы облысының, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінің білім беру мекемелері. Жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайту мақсатында өткен жылы ҚазҰПУ-дың «Mansap» мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл қосымша жұмыс іздеуді және университет түлектерін жұмысқа орналастыруды едәуір жеңілдетеді.

 

Абай университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып ISO 37001-2016 халықаралық стандартының сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізу туралы сертификат алды. «Ізгілік елшісі - Акселератор добра» жалпыұлттық волонтерлік қозғалыс жобасының қызметі, тәрбиелік іс-шаралар, шығармашылық және студенттік белсенділік туралы ақпарат егжей-тегжейлі айтылды.

 

Жаңа технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Университетте цифрландыру тұжырымдамасы және соған сәйкес цифрландырудың жол картасы әзірленді, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және цифрлық технологиялар мен ресурстарды кеңінен пайдалану негізінде университет қызметінің барлық салаларының тиімділігін айтарлықтай арттыру және кешенді трансформациялау процесі табысты жүргізілуде. Студенттер өміріне жоғары этикалық стандарттарды енгізу бойынша жұмыстар күшейтілді.

 

Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар мен жастардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау жөніндегі шаралар мемлекеттің саясатымен үйлесім табуда.

 

 

 

19.09.2020 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz