Main
News
24.09.2020 Виртуалды зертхана вебинары
2020 жылы 23 қыркүйекте ZOOM арқылы Виртуалды зертхананың «Мүгедектігі бар студенттерді оңалту кезінде студенттермен жұмыс істейтін оқытушылардың эмоционалдық күйзеліс синдромы: пайда болу себептері, алдын алу, жеңу жолдары» онлайн-вебинары өтті. Вебинар модераторы - ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультативтік орталықтың директоры З.А. Мовкебаева.
Спикер ретінде белгілі ресейлік ғалым, Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің қашықтықтан оқыту психологиясы мен педагогикасы кафедрасының профессоры, білім беру саласындағы Ресей Федерациясы Үкіметі сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясының Жоғары білім беру ісінің құрметті қызметкері Айсмонтас Бронюс Броневич баяндама жасады. Спикердің баяндамасы мәселені қызу талқылады, вебинар соңында қатысушылар ЖОО-да мүгедектігі бар студенттермен жұмыс кезінде туындайтын сұрақтар қойды.
Вебинар жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының оқытушылары, Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарынан білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогтері, ҮЕҰ өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Вебинар 2020 жылдың 29 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім беру бойынша Ресурстық консультативтік орталық ұйымдастырған инклюзивті білім берудің Виртуалды зертханасының қызметі аясында өткізілді.
|