қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.10.2020

Erasmus+ Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру 

 

2020 жылдың 16 қазанында Халықаралық Эразмус + бағдарламасының күндері аясында Эразмус+ бағдарламасына қатысу, негізгі іс-шаралар - 2 Жоғары білім берудің (ЖОО) әлеуетін арттыру туралы онлайн-семинар өткізілді. Вебинарды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық қатынастар департаменті Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің бастығы, іс-шараның жетекшісі және спикері - Сапаргалиева Баян Оралханқызы ұйымдастырды.

 

Вебинарда Эразмус+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағдарламасының компонеті, конкурстық ұсыныстың құрылымы туралы жобалық ұсынысты қалай жазу керектігі туралы сөз етілді.

 

Баян Сапарғалиева веб-семинар барысында жобаға өтінішті қалай жазып қалдыруға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, ұйымның / университеттің PIC нөмірін (қатысушының сәйкестендіру коды - Participant Identification Code) растау қажеттілігі туралы, міндеттері, құрылымы, өтініш беру тәртібі, өтініш нысандары туралы, ЖБӘА Erasmus+ бағдарламасына ұсынылатын конкурстық өтініштердің әрбір құжаты нақты көрсетіліп, әр формаға егжей-тегжейлі анықтама берді.

 

Онлайн-отырыстың қорытындысын шығара отырып, қатысушы аудиторияның жоғары белсенділігін атап өтуге болады, бұл университеттердің ERASMUS + бағдарламаларының жобаларына деген қызығушылығын білдіреді және жоғары білім беруді модернизациялау қажеттілігі бар екенін, білім берудің сапасын жақсарту үшін жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен оқытушылары жұмыс жасай беретінін бірауыздан түсіндіреді.

 

Вебинарға 50-ге жуық қызығушылық танытқан тыңдаушылар, ЖОО ұйым өкілдері мен қонақтар қатысты.

 

Атап айтар болсақ, Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Орталық Азия университеті, Алматы технологиялық университеті, Нархоз университеті, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» - Республикалық білім беру-сауықтыру орталығы және Абай атындағы ҚазҰПУ және т.б.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті