қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.10.2020

«Әлем тілдері әліпбиіндегі диакритикалық таңбалар» (сұхбат алаңы) атты халықаралық онлайн ойталқы

 

2020 жылдың 21 қазанында ZOOM платформасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Әлем тілдері әліпбиіндегі диакритикалық таңбалар» (сұхбат алаңы) тақырыбында халықаралық онлайн ойталқы өтті.


Шараға Түркия Республикасы Памукалле университеті Түркі тілдері мен әдебиеттері білімінің меңгерушісі, профессор, доктор Нергие Бирай, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы И.Насими атындағы Тіл білімі институтының түркі тілдері бөлімінің директоры Елчин Ибрахимов, Өзбек әлем тілдері мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Маханбет Джусупов,Түркия Республикасы Хитит университетінің Ғылым және әдебиет факультеті кафедрасының оқытушысы, доктор Иса Сары, Түркия Республикасы Анкара университетінің профессоры, доктор Гулзура Жумакунова, Қарақалпақстан Республикасы Әжнияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, ф.ғ.д. Алима Пирниязова, Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Башкент университетінің профессоры, доктор Суер Екер, Алматы қаласының Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Оразбаева Фаузия Шамсиқызы және т.б. қатысты.


Шара барысында әлем тілдері әліпбиіндегі диакритикалық таңбалардың артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланып, оларды әдістемелік тұрғыдан меңгертудің тиімді әдістері ұсынылды және ІТ технологияларға сәйкестігіанықталды.