қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.04.2016

ТАЗА ТАБИҒАТ - ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫ


Тазалық сақтауда сенбіліктің маңызы зор. Себебі ол тазалыққа деген жауапкершілікті арттырады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, 2016 жылдың 16 сәуірі күні өткен қала көшелері, саябақ аумақтары мен өзен жағалауларды қоқыс қалдықтарынан тазарту мақсатында өткен сенбілікте қара шаңырақ университетіміз ұйымшылдық танытты.
Әр институттан шыққан жүздеген белсенді жастар қаламыздың көркеюіне теңіздің тамшысындай өз үлестерін қосты. Университетіміздің сегіз институтына аудандық әкім аппаратынан Медеу ауданына қарасты көшелер мен саябақтар бөлініп, студент-жастар жұмылдырылды. 28-ші гвардиялық Панфиловшылар саябағынан бастау алған тазалық жұмысы ауданымыздың әр көшелерінде өз жалғасын тапты. Атап айтатын болсақ, Тарих және құқық институты мен Математика, физика және информатика институты М.Төлебаев бульвары, Абай даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі аралықта, Филология институты «Достық» саябағы, «Қазақстан» қонақ үйі аумағына, Сорбонна-Қазақстан институты «Офицерлер үйінің» саябағына, Жаратылыстану және география институты Пушкин көшесінің бойы (Мақатаев көшесінен Райымбек көшесіне дейін), Педагогика және психология институты, Көптілді білім беру институты, Өнер, мәдениет және спорт институттары 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған сенбілікке белсенділік танытқан ҚазҰПУ жастары таза қалада салауатты өмір сүруді қалайтындарын жеткізді.