қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.11.2020

«Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі ғаламның тілдік бейнесі» атты ғылыми-танымдық вебинар


2020 жылдың 31 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ZOOM қосымшасы арқылы (индентификаторы: 782 097 3695) «Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі ғаламның тілдік бейнесі» тақырыбында ғылыми-танымдық вебинар өтті.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар - Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы профессор-оқытушылары Жүнісова М.Ә., Асқарова Г.С. Вебинарға 1,3-курс «5В02207-Түркітану» және «5В020500-Филология « мамандықтарының студенттері қатысты.

 

Ғылыми-танымдық вебинарда әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының доценті, түркітанушы ғалым Ботагөз Сүйерқұл анықтаған Хорезмидің «Мухаббатнамесі» мен «Адам Ата - Хауа Ана» қисасындағы орта ғасырлық ескерткіштері ұсынылды. Адам өміріндегі рухани-адамгершілік құндылықтар әр түрлі мысалдар мен нақты дәлелдер арқылы егжей-тегжейлі баяндалды.Адамтанудың ғылыми бағытындағы кездесу Абайдың ғылыми тұжырымдарымен байланысты болды. Іс - шара әр қатысушының ғылыми-танымдық бағдар алуына зор ықпал етті. Вебинар соңында шәкірттер кері байланыс жасап, өз ойларын ортаға салды.