Main
News
06.11.2020 «Студенттердің қарым-қатынас мәдениеті» вебинары
Вебинар мақсаты - студенттердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту болды.
Іс-шараға Мектепке дейінгі білім беру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бағдарламасының жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаева, аға оқытушы Ұлмекен Төлешова және студенттер қатысты.
Вебинар модераторы Абилбакиева Галия болды. Вебинар барысында спикер Ұлмекен Төлешова студенттердің қарым-қатынас мәдениетін дамытудағы келелі мәселелерді ортаға салды. Қазіргі кезеңде жалпы қоғам талабына сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ педагогтарды даярлауда қарым-қатынас тәсілдерін игеру жолдары көрсетілді.
Вебинар жұмысын мектепке дейінгі білім беру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бағдарламасының жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаева қорытындылады.
|