Main
News
06.11.2020 «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» тәлімгерлік сағаты
Онлайн іс-шараның мақсаты - студенттердің Әл-Фараби шығармалары, рухани мұралары мен ғылыми зерттеулері туралы, жалпы оның өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсініктерін дамыту.
Іс-шараға «7М012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығының 2 курс докторанты Ж.Мамытбекова және студенттер қатысты. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы да ұйымдастырушылар мен студенттерге қолдау көрсетіп, белсенді қатысты. Модератор Ғалия Абилбакиева болды. Спикер Исраил Ақерке Әл-Фарабидің бай мұрасы және оның қазіргі ғылымдарда қолданылуы туралы айтты.
Тәрбиелік іс-шара Әл-Фарабидің еңбектері өз құндылығын жоғалтпағанын, керісінше, ортағасырлық ұлы ғалымның мұралары жаңа бағытта жаңғыртылғанын көрсетті, бұл студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
|