қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.11.2020

Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы жастардың рөлі


2020 жылдың 26 қарашасы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тәрбие және әлеуметтік жұмыстары және жастар ісі жөніндегі департаменті және Қазақстан халқы Асамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен онлай режимінде «Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы жастардың рөлі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Айтулы шараны университетіміздің ректоры Такир Балықбаев өз кіріспе сөзімен ашты. Республикалық дөңгелек үстелге Қолданбалы зерттеулер институты директорының орынбасары А.Сәдуақасова, Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығы төрағасының орынбасары Л.Гривенная, «Барбанг» күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы К.Мирзоев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі басшысының орынбасары Қ.Қасимов, ҚХА жанындағы "Жарасым" республикалық жастар ұйымының төрағасы Т.Жұмырбаев, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Н.Балғымбаев, Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студенті, «Бірлік» Ассамблеясының төрағасы А.Абдушакиров және т.б. қонақтар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ шараға Этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары Ассоциациясының өкілдері, Абай университетінің институт директорлары мен орынбасарлары, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары және студенттердің «Бірлік» Ассамблеясының мүшелері қатысты. Республиканың түкпір-түкпірінен келген тыңдаушылардың жалпы саны 311 адамға жетті.