Main
News
02.12.2020 Шетелдік беделді басылымдардағы жарияланымдар бойынша үздік-авторларға сыйақы берілді
Абай атындағы ҚазҰПУ өзінің 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясында ұлттық зерттеу университеті мәртебесіне айналдыруды көздейді, басшылық ғылым мен ғалымдарды толық және жан-жақты қолдайды. Осындай қолдаудың арқасында университетте ғылыми және оқытушылық қызметке жоғары талаптар қоятын кәсіби өсудің бірегей мүмкіндіктері құрылды.
Біздің үздік авторлар: 1. Бөрібаев Е.Ә. - з.ғ.д., профессор, құқықтану кафедрасының меңгерушісі; 2. Хамзина Ж.А. - з.ғ.д., профессор, құқықтану кафедрасының профессор-зерттеушісі; 3. Жұмағұлов Б.С. - т.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры; 4. Косов В.Н. - ф.-м.ғ.д., профессор, физика кафедрасының меңгерушісі; 5. Ошанова Н.Т. - п.ғ.к., доцент, информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі; 5. Ахметов Б.С. - т.ғ.д., кафедра профессоры; 6. Купчишин А.И. - ф.-м.ғ.д., профессор, физика-технологиялық оқу -ғылыми зертхана меңгерушісі.
Біз жоғары ғылыми жетістіктерге ұмтылғаны үшін авторларды құттықтаймыз және алғыс айтамыз! Барлық педагогикалық ұжымға алдағы уақытта университет игілігі үшін шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!
|