Main
News
14.12.2020 «Цифрлық педагог» жобасы іске асырылуда
2020 жылы 12-14 желтоқсанда «5В010200 - БОПӘ» мамандығы 4-ші курс студенттері кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған онлайн-викторина өткізді.
Іс-шараның мақсаты - педагог жұмысындағы цифрлық құралдарды пайдалануда өз біліктерін көрсету, кіші мектеп жасындағы оқушылармен жұмысты жоспарлауда әр алуан білім платформаларының мүмкіндіктерін көре алу болатын. Өз шараларын дайындау үшін студенттер ғаламтор-платформаларын қолданды. Осылайша, Голиков Евгений, Чевган Ирина, Назугум Абдулла COREAPP алаңында «Виртуалды зият» викторинасын ұйымдастырса, ал Ткачева Алина, Лагода Ирина және Самбет Динара өз викториналарын «Эрудит» өткізу үшін GOOGLE форманы пайдаланды. Байқау тапсырмалары әр түрлі: білімді тексеру, шығармашылық, логикалық, ізденімпаздық сипатында болды. Оқушылар математика, әдебиеттік оқу, орыс тілі, жаратылыстану пәндерінен өз білімдерін көрсетулері тиіс болды.. Жұмабек Ақбота мен Кадырова Юнель екі викторинаның қорытындысын шығарды. Әр қатысушыға диплом берілді. Аз балл алып қалғандарға сертификат берілді. Студенттер оқушылардың викторинаға қызығушылықпен қатысқандарын атап өтті. Аталмыш шараға студенттер практикадан өтіп жақтан Алматы қаласы мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Студенттердің викторина өткізуіне Е.В.Рябова қолдау көрсетті.
|