Профессор Т.Қ. Оспановтың 80 жылдық мерейтойына арналған I Халықаралық конкурс
Педагогика және психология институты Кәсіби даярлау бөлімі «Бастауыш білім» білім беру бағдарламасы профессор Төлеген Оспанов Қаражанұлының 80 жылдық мерейтойына байланысты өткізілетін кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану математикалық есептері бойынша студенттердің I Халықаралық конкурсын ұйымдастырды. Конкурс қашықтан өткізілді. Ол 2020 жылы 25 қазан күні жарияланып, конкурс жұмыстары 2020 жылдың 1 желтоқсанында жинақталды. 12 желтоқсанда конкурстың қорытындысы шығарылып, нәтижесі хабарланып, дипломдар студенттерге жіберілді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
1. Студенттердің туған өлке салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Өлкетану есептерін құрастыру барысында студенттердің ғылыми-зерттеушілік, өлкетанымдық, этнографиялық әрекеттерін дамыту.
3. Олардың өз еліне деген патриоттық қатынасын, оның тарихи және мәдени мұраларын қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
4. Математика әдістемесіне және оны оқытуға икемділіктері мен қабілеттері бар студенттерді анықтау, дамыту және қолдау көрсету.
5. Студенттердің оқу-әдістемелік әрекетке деген мотивациясы.
Конкурстың әділ қазылар алқасы:
1. Романова М.А. - психол.ғ.д., п.ғ.к., МҚПУ оқыту әдістемесі департаментінің профессоры (Мәскеу қ.)
2. Акпаева А.Б. - п. ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, Кәсіби даярлау бөлімі «Бастауыш білім» білім беру бағдарламасы (Алматы қ.)
3. Лебедева Л.А. - п. ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, Кәсіби даярлау бөлімі «Бастауыш білім» білім беру бағдарламасы (Алматы қ.)
4. Агеева Л.Е. - п.ғ.к., ҚазҚызМемПУ, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымд. профессор міндетін атқарушы (Алматы қ.).
5. Астамбаева Ж.К. - п.ғ.м., 3 курс докторанты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Кәсіби даярлау бөлімі «Бастауыш білім» білім беру бағдарламасы (Алматы қ.)
6. Рябова Е.В. - п.ғ.м., Абай атындағы ҚазҰПУ, Кәсіби даярлау бөлімі «Бастауыш білім» білім беру бағдарламасы (Алматы қ.)
7. Звонова А.Ю. - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 25 жыл, А.Карлов атындағы № 648 мектеп (Мәскеу қ.)
8. Избасарова П.М. - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 14 жыл, КММ «Алмалыбақ ОМГ» (Алматы обл., Қарасай ауданы)
9. Кудрявцева Р.А. - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 38 жыл, КММ «Алмалыбақ ОМГ» (Алматы обл., Қарасай ауданы)
10. Вдовцева И.В. - педагог-сарапшы, еңбек өтілі 11 жыл, КММ №15 гимназия (Алматы қ.)
Конкурсқа 10 жоғары оқу орнынан 33 өтініш келіп түсті. Студенттер желісі туған өлкенің тарихи, мәдени, табиғи-климаттық, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін бейнелейтін өлкетанушылық материалдарға байланысты сюжетті математикалық есептер құрастырды. Конкурстың шарты - математикалық мазмұны бастауыш сыныптар математикасының мектептік курсы бағдарламасына сай болуы. Студенттер есептің құрылымы мен түрін өз бетімен таңдады. Қатысушының еркіне қарай есептер жай және құрама, мәтіндік математикалық және логикалық болып, шешуін түсірдірмесі бар амалдар, түсіндірмесі бар теңдеулер түрінде рәсімделіп, сызбалар, сұлбалар, т.б. қолданылды.
Конкурсқа қатысушылардың жетекшілері мен әділ қазылар алқасына алғысымызды білдіреміз!