Main
News
20.12.2020 Халықаралық форумда орыс тіліндегі қашықтан білім берудің үздік тәжірибелері талқыланды
2020 жылы 18 желтоқсанда Ереван қаласында (Армения) А.С. Пушкин атындағы №8 негізгі мектебінің базасында қашықтан оқыту форматында «Оқушылардың цифрлық құзырлылығы мен функционалдық сауаттылығын дамыту: орыс тіліндегі қашықтан білім берудің үздік тәжірибелері» халықаралық педагогикалық форумы болып өтті. 500-ден астам қатысушылардың арасында жақын және алыс шетелдің 23 елінен педагогтар, ғалымдар, сарапшылар болды. Форумда мектеп оқушыларының цифрлық құзырлылығы мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру саласында орыс тілінде қашықтықтан білім берудің тиімді әдістері мен технологияларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Пленарлық бөлімде Математика, физика және информатика институты информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Нұржамал Ошанова «Цифрлық білім беру ресурстар жүйесі www.bilimland.kz» тақырыбында баяндама жасады.
Форум бағдарламасымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://ruforum3.am/.
|