қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.05.2016


«УНИВЕРСИТЕТ КӨКТЕМІ-2016» атты ӘДІСТЕМЕЛІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТКІЗІЛДІ

2016 ж. 14 мамыр күні Математика, физика және информатика институтында қоғамдық маңызды мейрамдарға арналған, болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндер бойынша оқу жетістіктерінің және білімдерінің инновациялық ашық сайысы ретінде «Университет көктемі-2016» атты II- Әдістемелік фестиваль өткізілді.
Бұл оқу-әдістемелік шығармашылық істің авторы және ұйымдастырушысы, жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасының доценті Жұмашева Светлана Сатыбалдықызының жетекшілігімен осы фестивальға қатысушы «математика», «физика», «информатика» және«кәсіптік оқыту» мамандықтары студенттері сынып жетекшілер әдістемелік бірлестіктерінің презентациялары мен қазіргі тәрбиелеу технологияларының «шерулерімен» қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, Ұлы Жеңіс мейрамына,т.б. арналған тақырыптық интербелсенді тәрбие сағаттарын инновациялық әдіс-тәсілдері негізінде өткізе білді. Сонымен бірге, интербелсенді түрінде Алматы қаласының 1000-жылдығына, ЭКСПО-2017, біздің Абай атындағы ҚазҰПУ-ның 88-жылдығына, болашақ мектеп және мамандықты таңдау мәселелеріне шешім табу мақсатында
әлеуметтік бағытталған ұжымдық-шығармашылық істер және «Мәңгілік өшпес полк», «Мейірімділік жолында» акциялары өткізілді. «Оқу жетістіктері портфолиосы» және «Практикант портфолиосын» қорғауы, «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндік газеттер көрмесі де болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік берді. Фестивальдің соңында номинациялар бойынша мараппатау рәсімі жүргізіліп, фестиваль гимні шырқалды.

                                                          

Ақпаратты дайындаған жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасы,

кафедра меңгерушісі проф. Жампеисова Қ.К.