Main
News
21.12.2020 «Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» XXVІ халықаралық симпозиумнің Бесінші Қазақстан жастар секциясы
2020 жылдың 19 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» XXVІ халықаралық симпозиумнің Бесінші Қазақстан жастар секциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар - Сауле Исалиева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының үшінші курс докторанты және Татьяна Попова, психология ғылымдарының кандидаты, Ресей білім академиясы Психологиялық институтының аға ғылым қызметкері, (Мәскеу қ.); «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы қолдауымен.
Қазылар алқасы жұмысына педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының басшысы Айгерім Кошербаева қатысты.
Симпозиум модераторлар - Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының бірінші курс магистранттары Темирбаева Динаш, Бабалыкова Акерке, Сулейменова Камила, Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының бірінші курс докторанты Ұлдахан Шынғыс, ҚазБСҚА-нің бірінші курс магистранты Жанабаев Алишер.
Симпозиум жұмысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ.), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті (Өскемен қ.), академик А.Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ.), М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ.), «ТИСБИ» Басқару университеті (Қазан қ., Татарстан Республикасы, Ресей), Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Тараз ққ. мектеп, гимназия, лицей оқушылары қатысты.
Қазақстан жастар секциясына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік білім алушылар қатысты: Педагогика және психология институтының бірінші курс студенті Анар Алиметов (Әзірбайжан), Сорбонна-Қазақстан институтының екінші курс магистранты Ян Ле (ҚХР), Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) екінші курс докторанты Ли Дуо (ҚХР), Сорбонна-Қазақстан институтытың төртінші курс студенті Исламов Фуркат (Өзбекстан). Ғылыми жетекшілер - С.Т.Исалиева, Ф.М.Ержанова.
Екінші курс докторанты Ли Дуо «Ең жақсы баяндама үшін» ІІ дәрежелі диплом алды.
|