Main
News
14.01.2021 «Шектеу шаралары уақытында саламатты өмір салтын қалыптастыру» вебинары
2021 жылдың 14 қаңтарында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ұлпан Ислямованың ұйымдастыруымен «Шектеу шаралары уақытында саламатты өмір салтын қалыптастыру» вебинары өткізілді. Вебинарға аударма бөлімі 101 топта білім алатын студенттер қатысты.
Адам денсаулығын сақтау мен нығайту ең басты құндылық. Әсіресе 2020 жылдың наурыз айынан бастап елімізді вирус шарпыған сәттен барлығымыз денсаулығымызға аса зер сала бастадық. Біздің еліміздің болашағы халықтың денсаулығымен тығыз байланысты.
Онлайн-вебинар барысында аударма бөлімінің 1 курс студенті Балық Зейнеп шектеу шаралары барысында саламатты өмір салтын қалай ұстанып жүргендігі туралы тәжірибесімен бөлісті. Ал Сатыбалды Дулат шектеу шаралары барысында көпшілік ортада көп жүрудің аса қауіпті екендігін айтып өзге студенттерге үйден көп шықпауды ескертті.
Вебинардың соңында Оңғар Нұрайым шектеу шараларының тезірек аяқталып, офлайн оқуға тезірек оралсақ деген өзінің ақжарқын тілегін ортаға салды.
|