қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.01.2021

«Өздігінен білім алу және өзін-өзі дамыту» вебинары

 

2021 жылы 14 қаңтарда Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушысы Ерлан Самбетов «Батыс филологиясы ( ағылшын тілі)» мамандығының 1 курс студенттерімен бірлесіп «Өздігінен білім алу және өзін-өзі дамыту» вебинарын өткізді.


Вебинар барысында рухани-адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіруге ықпал ету ұсынылды.1 курс студенттері: Мұратова Құралай мен Қыстаубаева Амина «Өзін-өзі тәрбиелеудің артықшылықтары мен маңыздылығы» слайдын көрсетті, Сагинбаева Гульнара «Өзін-өзі жүзеге асыру кәсіби өсудің артықшылығы мен маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасап, «Батыс филологиясы (ағылшын тілі )» 1 курс студенттері өз пікірлерімен бөлісті. Қонақтар ретінде қатысқан оқытушылар рухани өсудің маңыздылығы және қазіргі әлемдегі ең жақсы қасиеттерді дамытудың маңыздылығын айтып, болашақта осындай вебинарларды өткізуді ұсынып және ризашылықтарын білдірді.