қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.01.2021

«Денсаулық-2021» қысқы спартакиадасы

 

2021 жылы 13 қаңтар күні университетіміздің кешенді жоспарына сәйкес профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында дәстүрлі «Денсаулық-2021» қысқы спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Шараны академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Шараға тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев, әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі проректор Ғабит Дулатов, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов қатысып, командалардың ойындарын тамашалады.

 

Спартакиадаға 5 спорттық ойындар бойынша 9 команда қатысып, бақ сынасуда. Жарыстар ағымдағы жылдың 13-15 қаңтар күндері аралығында «М.Әуезов» атындағы спорт кешенінде өтуде.

 

Спорттық ойындар барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әлеуметтік арақашықтық сақталып, медициналық қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылды.

 

Жалпы жүлде қоры: бірінші орын - 150 000 теңге, екінші орын - 120 000 теңге, үшінші орын - 100 000 теңгені құрап отыр.

 

Сонымен қатар әрбір спорт түрінен «Үздік ойыншы» номинация иегерлері 10 000 теңгеден қаржылай сыйақымен марапатталады.

 

Спартакиаданың жабылу салтанаты 15 қаңтар күні 2021 сағат 16.00-де өтеді.

 

Ұйымдастырушылар: Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті, Дене шынықтыру және спорт кафедрасы