қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.06.2016

                      Педагогикалық білім жүйесінін жақсарту мәселелері талқыланды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, педагогика ғылымының докторы, профессор Г.А. Умановтың 85 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Педагогикалық білімін жүйелі жаңғырту: мәселелері, шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Бұл конференция Қазақстандағы педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерін жүйелі жаңартудың өзекті мәселелерін талқылауға арналды.
Пленарлық мәжілісті ашқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін айта келіп, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, республика жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, педагогика ғылымының докторы профессор Г.А.Умановты 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, оған «Абай» медалін тапсырды. Бұдан кейін профессор Г.А.Умановтың өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Күләш Құнантайқызы Құнантаева Г.А.Умановтың Қазақстандағы педагогика ғылымдарын дамытуға, бұл салада ғылыми кадрлар даярлауға қосқан үлесіне тоқталды.
Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының президенті (Москва), педагогика ғылымдарының докторы, профессор Екатерина Иосифовна Артамонова «ХХІ ғасыр жағдайындағы педагогикалық білімді жаңарту», ҚР Педагогикалық білім академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Қабікенұлы Құсайынов «Адал да мейірімді мұғалім даярлау», Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы университеттік кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі, профессор Қорлан Қабікенқызы Жампейісова «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері» тақырыптарындағы баяндамаларында жаңа ғасырда педагогикалық білім беруді модернизациялаудың жолдарына тоқталып, өздерінің құнды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс бөлімшесінің академик-хатшысы, Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Лев Владимирович Мардахаев (Москва), Абай атындағы ҚазҰПУ информатика, физика мен информатика әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Педагогикалық білім беруді дамыту орталығының директоры, Ресей білім академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Алма Есенбекқызы Абылқасымованың және басқа да белгілі ғалымдардың баяндамаларында талқыланып отырған мәселе онан әрі тереңдетіле түсті.


Абай атындағы ҚазҰПУ,
Баспасөз орталығы