Main
News
20.01.2021 Дуалды білім беру: педагогикалық тәжірибе жалғасуда
2021 жылдың 19 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-ші (4 ж.) және 2-ші (3 ж.) курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша конференция өтті.
Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева студент-практиканттарға жылы лебізін білдірді.
Практика жетекшісі профессор Гүлмира Қажығалиева қатысушыларды «Педагогикалық практика туралы» бұйрықпен, педагогикалық практика бағдарламасымен, оның міндеттерімен, мазмұнымен, күнтізбелік кестесімен, студент-практиканттардың құқықтары мен міндеттерімен, практиканы қорытындылау рәсімімен таныстырды.
Кафедра әдіскерлері Гүлнұр Байшүкірова мен Дина Поляктың баяндамаларында есеп беру құжаттамасына қойылатын талаптарға және оны тапсыру мерзімдерін қатаң сақтауға ерекше назар аударылды.
«Мансап» орталығы ұсынған құжаттар негізінде практика Алматы қаласының мектептері мен гимназияларында қашықтан өтетін болады.
Аталмыш практика 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады. Студент-практиканттарға оң көңіл-күй, сабақты өз бетінше дайындау мен өткізуде жылы тілектер айтылды!
|