Main
News
22.01.2021 Әдіскерлерге арналған біліктілікті арттыру курстары өткізілді
Орталықтың оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Белденбаева М.Т. курсқа қатысушыларды жаңартылған білім беру жағдайында білім сапасын қамтамасыз етуде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерімен таныстырды. Олар коучинг және тәлімгерлікті тәжірибеге енгізудің, Lesson study мен іс-әрекетті зерттеу процесін ұйымдастырудың, қашықтан оқыту жағдайында жоғары сапалы байланыс және құжаттаманы жүргізу үшін «бұлтты қызметтерді» пайдалануда мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетудің артықшылықтары мен тәсілдерін талқылады.
Курс соңында орталық директоры А.А.Семченконың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде тыңдаушылар нормативтік құжаттардың өзгеруіне байланысты әдістемелік қолдауды ұйымдастырудың өзекті мәселелермен тәжірибе алмасып, оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады және курстың тиімділігі мен тақырыптардың өзектілігі, мазмұндылығы туралы ерекше атап өтті және алдағы уақытта орталықтың ұйымдастырылатын курстар жоспарларымен таныстырды.
|