Main
News
08.02.2021 Өндірістік іс-тәжірибені жүргізу жөніндегі конференция
2021 жылдың 5 ақпанында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарих - 5B020300», «Аймақтану - 5B050500» мамандықтары бойынша қазақ және орыс бөлімінің 4-ші курс студенттеріне арналған өндірістік іс-тәжірибені жүргізу жөнінде конференция өтті. Конференцияға «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі Дария Асымова, «Әлем тарихы» кафедрасының профессоры Мереке Тулекова Кокеновна, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Болат Құдайбергенұлы және бөлім меңгерушілері қатысты.
Конференцияны «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі Дария Асымова ашты және бұл конференцияның маңызын мысалға ала отырып, өндірістік іс-тәжірибенің студенттерге кәсіби білімін шыңдау мақсатында болашақ тарихшы ғалымдарды даярлауда біздің университеттің алатын орны туралы айтып өтті. Конференцияның өтілу бағдарламасы барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Болат Құдайбергенұлына сөз кезегі берілді. Ол өз сөзінде тарих ғылымы дамуының жетекші факторлары ретіндегі тарихи зерттеулердің рөлін атап өтті.
Өндірістік іс-тәжірибенің 4-ші курс студенттері «Тарих - 5B020300», «Аймақтану - 5B050500» мамандықтарының арасында болатындығы жайлы және ұйымдастырылу барысы туралы Дария Асымова студенттердің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлімшелеріне бөлінгенін айтып, студенттердің жетекшілерімен таныстырды.
|