Main /
Announcements
06.09.2018 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D011200- Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ильясова Гульжахан Уалибековнаның «Химиядан оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырудың дидактикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Шоқыбаев Жеңіс Әкімжанұлы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры. Божена Лозовицка - PhD доктор, Өсімдіктерді қорғау ұлттық зерттеу институтының профессоры (Беласток қаласы, Польша Республикасы). Аймағамбетова Қазна Аймағамбетовна - педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры. Жұмаділов Талқыбек Қожатайұлы - химия ғылымдарының докторы, «Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ профессоры.
Мекен-жайы: Алматы қ., Қазыбек би көшесі 30, 602 аудитория.
Сайттың мекен-жайы: www.kaznpu.kz
|