қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.02.2021

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалыптастыру

 

2021 жылғдың 11 ақпанда Филология және көптілді білім беру институтының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы Закира Көкенова 3 курс тобының эдвайзері қауымдастырылған профессор Гүнұр Байшүкіровамен бірлесіп «ҚР ЖОО студенттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру» тақырыбында студенттермен онлайн әңгімелесу өткізді.

 

Закира Көкенованың сөзінен студенттер Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттары мен міндеттері туралы білді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен танысты. Әңгімелесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық, моральдық нормалар мен қағидаттар, стандарттардың бұзылуы, тұлғаның бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық сияқты ұғымдар талқыланды.

 

Әңгімеге қатысқан 3 курс студенттері Зарина Құрбанбаева, Жаннат Дәуенова және Лидия Серікова әрбір адам құндылық бағдарларын, өзінің өмірлік ұстанымын өз бетінше таңдайтынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлық - бұл жеке тұлғаның таңдауы. Сөз алғандар университет, институт басшылығына және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының барлық оқытушыларына алғыс білдірді.

 

Топтың эдвайзері Гүлнұр Байшүкірова өз сөзінде өз таңдауы мен қызметі үшін жауапкершілікке назар аударды. Әр адамнан азаматтық батылдық, жігерлік, адалдық, әдептілік сияқты моральдық қасиеттерді таныту қажет.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева жиналғандарды құттықтай отырып, студенттерге өзекті тақырыпты талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Ол кафедра оқытушылары өз қызметінде педагогикалық миссияны, университеттің этикалық қағидаттары мен дәстүрлерін, сондай-ақ Оқытушының ар-намыс кодексін және Студенттің ар-намыс кодексін басшылыққа алатынын атап өтті.