Main /
Mass media about us
15.02.2021 Аударма мәселелері бойынша Мәскеу мемлекеттік университеті профессорының онлайн-дәрісі
Профессор қазіргі аударматанудағы семиотикалық, коммуникативтік және психолингвистикалық тәсілдердің ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар, дәріс барысында заманауи қытай, жапон және корей тілдерін түсіну теориясы мен интерпретативтілігі мәселелері де қарастырылды.
Екі сағатқа созылған дәрісті тыңдаушылар аса қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сауалдарға толыққанды жауап алды.
Шығыс филологиясы мен аударма кафедрасының магистранттары және студенттері профессор З.Г.Прошинаға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта да аударма мәселелеріне арналған жаңа дәрістерді асыға күтетіндігін жеткізді.
Дәріс аударматану мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми вебинарлар кешені аясында профессор А.Қ. Жұмабекова ұйымдастыруымен өткізілді.
15.02.2021 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com |