Main /
Mass media about us
19.02.2021 «Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы
18 ақпан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұлы ақын, қазақ ауызша - поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының іріктеу кезеңі өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан 20 жас айтыскер ақын қатысты.
Дүбірлі доданы, университет ректоры Такир Балықбаев ашып, барлық қатысушыларған сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері Жүрсін Ерман жыл сайын өткізіліп келе жатқан жастар айтысының маңыздылығына тоқталып, бүгінде өнер додасы халықаралық дәрежеге көтеріліп жатқаны үлкен іс екендігін тілге тиек етті.
Іс-шара барысында университет ректоры айтыстың қара нары Жүрсін Ерманды 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгі және естелік сыйлық табыс етті.
Ақтық кезеңге 12 жас ақын өтті. Финал 19 ақпанда сағат 14:00-де өтеді.
Сонымен қатар, шара аясында Сүйінбай Аронұлы және Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайларының көрмелері ұйымдастырылды. Көрмелерде ұлы ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған естелік экспонаттар қойылды.
Ұйымдастырушылар: Тәрби, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, «О. Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығы
19.02.2021 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz |