Main
News
23.02.2021 ХХІ ғасыр педагогтерін даярлаудың заманауи тәсілдері талқыланды
2021 жылы 20 ақпанда Жаратылыстану және география институтында «ХХІ ғасыр педагогтерін дайындаудың заманауи ғылыми-әдістемелік талаптары» тақырыбында Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Мақсаты - заман талабына сай, бәсекеге қабілетті педагогтерін дайындаудағы заманауи ғылыми-әдістемелік талаптар жайында пікір және тәжірибе алмасу.
Мақсатты аудитория - ЖОО-ның әдіскерлері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтан білім беру ортылығының әдіскерлері, магистранттар мен докторанттар. Модератор - профессор Гүлжәмила Мейірова.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков және Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова кіріспе сөз сөйледі.
Вебинар барысында ЖОО-ның профессор-оқытушылары, оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтан білім беру ортылығының әдіскерлері, докторанттар баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар қатысушылар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда педагогикалық технологиялардың тиімділігін және тәжірибе алмасу әдіскерлердің кәсіби біліктілігін арттыратынын айтты.
|