Main /
Mass media about us
23.02.2021 Алматыда халықаралық жас ақындар айтысы өтті
Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім - Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы өтті. Аламанға 12 ақын қатысып, бақ сынасты.
Айтысқа түскен жас ақындардың өнеріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған айтыс өнерінің саңлақтары, белгілі өнер қайраткерлері мен ғалымдар қазылық етті. Жастардың жыр бәйгесін Бекарыс Шойбеков арнаумен ашты.
Айтыс қорытындысы бойынша Nur Otan партиясының арнайы жүлдесін Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ студенті Гүлжан Ықылас (Қытай) иеленді.
Сүйінбай Аронұлы атындағы арнайы жүлдемен Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті Жанарыс Тілеубек, Жүрсін Ерман атындағы арнайы жүлдемен Қарағанды МТУ студенті Бекарыс Оспанов, Оразалы Досбосынов атындағы арнайы жүлдемен Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Жамали Айбын марапатталып, әрбір ақынға 60 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар табысталды.
Халықаралық Жамбыл қорының жүлдесіне Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенті Қайырхан Жұбаниязов, Есенқұл Жақыпбек атындағы жүлдеге «Қайнар» академиясының студенті Расул Сауытбек ие болып, 50 000 теңгемен марапатталды.
ІІІ орын алған Шынарбек Тұрсын (Қытай), Қабдолла Бейсхан (Моңғолия) және Алтынай Қанапиялар (Абай атындғы ҚазҰПУ) 100 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.
II орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Нұрбол Жауынбаев пен Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Данияр Нысанғалиев бөлісіп, 150 000 теңге ақшалай марапатталды.
Бішкек университетінің студенті Нұрсұлтан Малдыбаев І орын жеңімпазы атанып, оған 200 000 теңге көлеміндегі сертификат пен арнайы диплом табысталды.
Бас жүлде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Бекжан Базарбекке бұйырып, 350 000 теңгелік сертификат пен арнайы дипломға ие болды.
Аламан додаға қатысқан 20 ақынның барлығы дерлік олжалы қайтты.
23.02.2021 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz |