Main
News
25.02.2021 «Сыртқы саясат сараптамасындағы конструктивистік әдіс» ғылыми вебинары
2021 жылы 24 ақпанда Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-зерттеушісі Мұхит Асанбаев «Сыртқы саясат сараптамасындағы конструктивистік әдіс» тақырыбында ғылыми вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты - халықаралық қатынастардағы конструктивизм ағымын қарастыру. Вебинар барысында сыртқы саясатты талдаудағы конструктивизмнің рөлі, конструктивистік тұрғыдан алғандағы бірегейлік пен ұлттық мүдденің қалыптасуы қалай жүзеге асырылатыны талқыға түсті. Ғылыми вебинарға студенттер мен магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Олар вебинар тақырыбына үлкен қызығушылық танытып, көтерілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
|