қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.02.2021

«Жамбыл жырлары» әдеби-сазды кеші

 

2021 жылы 25 ақпанда жыр алыбы - Жамбылдың 175 жылдығына арналған «Жамбыл жырлары» тақырыбындағы Студенттік «Бірлік» Ассамблеясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен университет көлемінде әдеби-музыкалық кеш өтті. Мақсаты - Жамбыл Жабаевтың ақындық талантын оқырмандар жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

 

Іс-шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қ.А. Бекбенбетова құттықтау сөзімен ашты. Кештің басталар алдында Жамбыл өмірінен сыр шертетін бейнематериал көрсетілді. Іс-шара Филология және көптілді білім беру институтының 3 курс студенті Құдайберген Айсұлудың орындауындағы «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйімен жалғасты. Әдеби-музыкалық кешке университетіміздің филология ғылымдарының докторы, профессорлары Балтабай Әбдіғазиұлы, Т.С.Тебегенов, С.Ж.Әбішова, «Бірлік» Ассамблеясының мүшесі, Психология және педагогика институтының 3-курс студенті Яркул Айгул қатысып, Жамбылдың шығармашылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Әдеби кеш барысында университеттің өзге ұлт өкілдерінен құралған студенттер ақынның жырларын мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Сонымен қатар айтыстан үзінді көрсетіліп, бірқатар жырлары домбырада орындалды. Әсіресе Физика, математика және информатика институтынан Жақыпбек Ермаман, Қиса Нұрай, Өнер, мәдениет және спорт институтынан Сәнуар Қастер, Филология және көптілді білім беру институтынан Жақыпбай Ерліктің өнерлеріне көпшілік ерекще риза болды.

 

Кеш соңында Жамбыл жырларына арналған эссе жазу апталығының қорытынды нәтижесі жарияланды. Комиссия құрамында академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары жүделі орын студенттердің еңбегіне әділ бағасын беріп арнайы сыйлықтармен марапаттады.

 

Мәнерлеп оқудан Педагогика және психология институтының студенттері 1-ші орынды Кулакова Елена, 2-ші орынды Ахматдинова Махлиё, 3-ші орынды Дегтярова Кристина иеленді.

 

Эссе жазудан 1-ші орынды Физика, математика және информатика институтның студенті Азатова Сажидам, 2-ші орынды Педагогика және психология институтының студенті Кулакова Елена, 3-ші орынды Жаратылыстану және география институтының студенті Рафаилқызы Рамилям иеленді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы