қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.03.2021

«Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубында шетелдік ғалымдар қонақта

 

2021 жылдың 25 ақпанында Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының ұйымдастыруымен «Түркі тілдерінің жазу мәдениеті» тақырыбында ғылыми-танымдық онлайн-семинар өтті.

 

Онлайн режимінде өткізілген семинарға Түркия Респубикасы, Фырат университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ахмет Буран, филология ғылымдарының докторы Эркан Алкайа, докторанттар, магистранттар және студенттерімен қатысты.

 

Профессор Ахмет Буран «Түркі тілдерінің жазу тарихы» тақырыбында академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Қасым Балқия «Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің жазылу емлесі» тақырыбында тың деректермен ғылыми дискурс жасады. Профессор Эркан Алкайа Қазақстан Республикасының латын графикасына көшу мәселесін сөз ете отырып, соңғы ұсынылған әліпби жобасын қолдайтындығына ерекше тоқталды.

 

«Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының студенттері мен шетелдік ғалымдар, білім алушылардың арасында достық қарым-қатынаста диалог орнады. Фырат университетінің докторанттары Меһметжан Гөкбайыр, Йелда Йешілдал, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанты Гүлбану Суамбекова, филология мамандығының 3-ші курс студенті, институттың Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы Мағжан Жұмағұлов тұжырымды ойларымен бөлісті.

 

«Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының координаторлары Дулат Сұлтанбек, Мөлдір Төлеген, Камилә Абаева мен білім алушылар ғалым-ұстаздарына алғыстарын білдірді.

 

Онлайн-семинар модераторы - «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының жетекшісі Роза Бақбергенова.