қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
15.03.2021

Абай университеті: "Jas Otan" жастар қозғалысының төрағасымен кездесу ұйымдастырылды

 

 

«Jas Otan» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Алматы қаласындағы жұмыс сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы және белсенді студент жастарымен кездесті, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

 

Ректор Такир Балықбаев қонақты Абай университеттің 2020-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясының басым бағыттарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру жолдары туралы ойын ортаға салды. Кездесу барысында студенттерге арналған жаңа жатақхана салу мәселесі қозғалды.

 

Жас отандықтардың көшбасшысы жатақхана салу мәселесі «Nur Otan» партиясы мен жастар қанатының бақылауында екенін атап өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев «Jas Otan» ЖҚ төрағасын университетіміздің тарихы және дәстүрлерімен таныстырып, жастармен жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысы және жастар саясатын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.

 

Нұржан Жетпісбаев жұмысы сапарының соңында студенттермен бейресми форматта кездесіп, студенттер қонаққа өздерін қызықтырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

 

 

15.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz