қазақша · русский · english
   
  Main  News
31.03.2021

«Табиғат тазалығы-адамзаттың тіршілік бастауы» вебинары

 

2021 жылы 31 наурызда «Табиғат тазалығы-адамзаттың тіршілік бастауы» экологиялық білім беру вебинары өтті. Вебинар ұйымдастырушылары - «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау бөлімінің профессоры Манкеш Аксауле және модератор «6D010100 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 3 курс докторанты Алтынай Жакупова.

 

Баяндамашылар:

-Практик экологист тренер, «Дети супергерой» экокурстың авторы Байбусинова Карлығаш «Как стать экологистом и зачем это нам надо?» тақырыбында сөз сөйледі.

-«STOP MUSOR» әлеуміттік жобасының үйлестірушісі Оқапова Асыл «Қоғамдық ұйымдардың экологиялық мәселелерді шешуге қосатын үлесі» тақырыбында баяндама жасады.

-«Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау бөлімінің профессоры, п.ғ.д. Манкеш Аксауле «Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие» тақырыбына тоқталды.

 

Вебинарға «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы жетекшісі қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева, 1-4 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Вебинар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» жолдауына сәйкес қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған, қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін бірыңғай экологиялық саясатты қалыптастыру қажеттілігіне орай ұйымдастырылып өткізілді.