қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

 

Қостанай қаласында қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 2021 жылы 5-9 сәуірде өткен жарыстардың басты мақсаты - осы жылдың күзінде өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына командалар құру.

 

Турнирге 10 салмақ дәрежесінде 300-ден астам спортшы қатысты. Ел чемпионатында өнер көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Әзім Аяжан (44 кг.) жеңімпаз атанып, алдағы халықаралық жарыстарға жолдаманы жеңіп алды. Әзім Аяжан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Өнер, мәдениет және спорт институтының дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Еркін Сайдақовтың жетекшілігімен жаттығады.