қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.04.2021

«Ғылымға жол» дөңгелек үстел

 

2021 жылы 7 сәуірде Жаратылыстану және география институтының Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастыруымен «Ғылым айы» аясында Полимерлік материалдар және технологиялар институтының директоры Сарқыт Құдайбергеновтың қатысуымен «Ғылымға жол» онлайн дөңгелек үстел өткізілді.

 

Мақсаты - болашақ дарынды жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін қолдау, ғылыми қызметке тартудың ықтимал жолдары мен құралдарын талқылау және Қазақстандық әлемге танымал ғалымдардың ғылым жолындағы еңбектерімен таныстыру.

 

Модераторлар - Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің мүшесі Динара Касымбекова және Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің мүшесі Жанар Қорғанбаева.

 

Аталған іс-шараны Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова алғы сөзімен ашып, басты қонақ, көрнекті ғалым Сарқыт Құдайбергеновті таныстырды.

 

Сарқыт Құдайбергенов магистранттар мен докторанттарға өзінің ғылым жолындағы еңбектері және қазіргі кездегі Қазақстанның ғылым саласындағы заманауи технологиялар жайлы қызықты да өзекті дәріс оқыды. Дөңгелек үстелге ғалымның шәкірті, Англия мемлекетіндегі Рединг университетінің профессоры Виталий Хуторянский қатысты.

 

Профессор-оқытушылар, магистрантар мен докторанттар, химия ғылымының өзекті мәселелері, дамуы, болашағы туралы сұрақтарын қойып, тұжырымды ой-пікірлер өрбіді.