қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.04.2021

«Латын әліпбиіне көшу - ұлттық сананың жаңғыруы» танымдық-тәрбиелік вебинар


2021 жылы 9 сәуірде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Дүйсенбайқызы Айтолқынның ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - ұлттық сананың жаңғыруы» танымдық-тәрбиелік вебинар өткізілді. Вебинарға кафедраның профессор-оқытушылары мен студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты. Латын әліпбиіне көшу мәселесі және оның маңыздылығы, қазақ тілінің болашағы, ұлттық сананың жаңғыруы, латын әліпбиіне көшкен елдердің тәжірибесі сынды өзекті тақырыптар талқыланды.

 

Білім алушылар арасында пікір-талас, пікір алмасу жүргізілді. Студенттер латын әліпбиіне көшу мәселесін бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Іс-шара жоғары деңгейде өтілді.